Қазақстандық фондылық биржадағы (KASE) доллардың орташа бағамы 5 ақпанда 11:00-де 515,96 теңгені құрады. Бұл туралы Kapital.kz бизнес ақпараттар орталығының тілшісі хабарлайды.
kurs.kz мәліметтеріне сәйкес, Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде америкалық валютаның ең жоғары сату бағамы 11:03-де 525 теңгені, Алматыда 523 теңгені құрады.
Ұлттық банктің ресми бағамы 5 ақпанда 1 доллар үшін 520,27 теңгені құрайды. Келесі күні доллардың теңгеге қатысты ресми бағамы Қазақстандық фондылық биржадағы сауда нәтижелері бойынша белгіленеді.