Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа салмақталған курсы 10 қаңтар күні 11:00-де 526,39 теңге болды. Бұл туралы Kapital.kz бизнес ақпарат орталығының тілшісі хабарлады.
kurs.kz мәліметтеріне сәйкес, Астанадағы айырбастау пункттерінде 11:06-да америкалық валютаның максималды сатылым курсы 531 теңгені, Алматыда – 531,5 теңгені құрады.
10 қаңтардағы Ұлттық банктің ресми курсы 1 доллар үшін 524,75 теңге. Келесі күні доллар мен теңгенің ресми курсы Қазақстан қор биржасындағы сауда нәтижелері бойынша белгіленеді.