Пікірлер бес жұлдызды бағалауды (өте нашардан тамашаға дейін) және мәтіндік сипаттаманы қамтиды. Функционал жұмысшы мен жұмыс берушінің өзара әрекеттесуінің оң немесе теріс тәжірибесін бағалауға мүмкіндік береді, бірақ бұл міндетті емес.
Пікір қалдырған кезде оның шынайылығын қамтамасыз ету үшін электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою қажет. Өз пікірлеріңізді «Менің пікірлерім» (пайдаланушы тарапынан қалдырылған) және «Маған пікірлер» (пайдаланушыға алынған) деген бөлімдерде көруге болады. Жасалған және алынған пікірлер туралы барлық деректер құжат форматына экспортталуы мүмкін.
Жұмысшы мен жұмыс беруші де пікірге бір комментарий қалдыра алады, бұл ынтымақтастық туралы ақпаратты толықтыруға немесе нақтылауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта жұмыс берушілер, кандидаттарды жұмысқа қабылдау кезінде, «Жұмысшылар» бөлімінде олардың бұрынғы жұмыс орындарынан пікір сұрау мүмкіндігіне ие. Осы кезде кандидатқа 1414 нөмірінен SMS арқылы немесе порталдағы жеке кабинетте келісім беру сұрауы жіберіледі, сондай-ақ HR Enbek мобильді қосымшасында. Жұмыс беруші ақпаратқа тек келісім алғаннан кейін ғана қол жеткізе алады.
2025 жылы Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер туралы пікірлерді көру мүмкіндігі барлық үміткерлер үшін қолжетімді болады.
Бұл функционал жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы қатынастардың ашықтығын арттыруға, жұмыс іздеу мен қызметкерлерді жалдау процесін жеңілдетуге бағытталған.
Маңызды ескерту, пайдаланушы берілген ақпарат үшін толық жауапкершілік көтереді. Онлайн платформаларда жалған ақпарат енгізілген жағдайда заңдық жауапкершілік қарастырылған. Жалған ақпарат тарату әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.