«Негізсіз қысым жасаған жағдайда, негізгі факторлармен байланысты емес, Ұлттық банк валютаның ұсынысын нарықта алтын-валюта резервтері есебінен арттыруға дайын», — делінген хабарламада.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алия Молдабекова тенгеға сыртқы факторлардың, оның ішінде доллардың нығаюы, Ресей рублінің динамикасы және 5 қаңтардағы валюталық саудада төмен белсенділік әсер ететінін нақтылады.