zakonkz.com

Ұлттық банк Берлинде ерекше инвестициялық монета ÚKI-ді таныстырды.

Қазақстан Ұлттық Банкі Берлинде өтіп жатқан World Money Fair халықаралық көрмесінде ÚKI цифрлық инвестициялық монетасын таныстырды, деп хабарлайды Bizmedia.kz.
Ұлттық банк Берлинде ерекше инвестициялық монета ÚKI-ді таныстырды.

Негізгі міндеттердің бірі ретінде халықаралық қаржы қауымдастығын ÚKI жобасымен ресми таныстыру болды.

Іс-шарада бастаманы іске қосу ерекшеліктері мен оның болашағы туралы айтылды.

Сарапшылар жобада қолданылған тәсілдің маңыздылығын, қаржылық сауаттылықты арттырудағы рөлін және ÚKI алтын монетасының жоғары сапасы мен дизайнына оң баға берді.

Монетаны шығарумен Қазақстанның монета сарайы айналысса, дизайнын әзірлеу Ұлттық банктің мамандарының үлесі болды.

Коллекциялық монеталарды іске асыру Astana International Exchange (AIX) биржасының «TABYS» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Жоба туралы толық ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында және YouTube арнасында қолжетімді.

Қазақстан Ұлттық банкі 2000 жылдан бері көрменің тұрақты қатысушысы болып табылады.

ÚKI инвестициялық монетасы 999,9 сынамалы алтыннан жасалған, номиналы 100 теңге және салмағы 31,1 грамм.