zakonkz.com

Ұлттық банк $1 млрд көлемінде интервенция өткізді.

Болашақта монетарлық реттеуші қосымша араласу жоспарламайды.
Ұлттық банк $1 млрд көлемінде интервенция өткізді.

Қазақстанның Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сулейменов доллар курсын тұрақтандыру үшін қандай шаралар қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Kapital.kz бизнес ақпарат орталығының тілшісі.

«16 қарашадан бастап біз интервенцияларды жүзеге асыра бастадық және 1 миллиард доллар жұмсадық», — деді Тимур Сулейменов Ұлттық банктегі брифингте.

Журналистер реттеушінің жақын арада интервенцияларды жалғастыруды жоспарлап отыр ма деп сұрады. Тимур Сулейменов орталық банк нақты бір деңгейде курс ұстап тұруды мақсат етпейтінін айтты.

«Біз доллар курсын мақсат етпейміз. Курс сұраныс пен ұсыныс теңгерімі негізінде нарықпен анықталады. Біз валюталық нарықта ойыншы ретінде әрекет етеміз, Ұлттық қордан трансферттердің бір бөлігін жүзеге асырып немесе кейде валюта сатып аламыз. Біз 500, 490 немесе 510 курсына бағытталмаймыз. Интервенциялар біздің қалауынымыз бойынша емес, нарықты тұрақтандыру үшін қажет болғандықтан жүргізіледі», — деп түсіндірді ол.

Ағымдағы жағдай туралы айта отырып, Ұлттық банк басшысы қазіргі уақытта интервенциялардың тоқтатылғанын атап өтті.

«Соңғы бірнеше күнде, нақтырақ айтқанда, бір аптадан астам уақыт бойы, біз нарықта валюта ұсынысының болмағанын көріп отырмыз. Ликвидтілікке сұраныс жоғары болды, әсіресе сыртқы экономикалық қызмет субъекттері тарапынан, сондықтан біз интервенцияларды жүзеге асырдық. Егер болашақта нарықтық немесе фундаменталды факторлармен негізделмеген күрт өзгерістер немесе спекулятивті тербелістер болмайтын болса, біз қосымша интервенциялар өткізуді жоспарламаймыз», — деп қорытындылады ол.