Сарапшылардың пікірінше, 2025 жылға қарай Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 75 АҚШ долларында сақталады, 2026 және 2027 жылдарға бағасы сәл төмендеп, 72 АҚШ долларына қайта қаралды.
2025 жылға арналған Қазақстан экономикасының өсу болжамы 4,7%-дан 4,9%-ға дейін жақсартылды. 2026 және 2027 жылдары ЖІӨ-нің өсімі әлі де 4,5% деңгейінде күтілуде.
Сарапшылардың инфляция жөніндегі болжамдары көтерілді. 2025 жылға арналған болжамдардың медианасы 7,5%-дан 8,7%-ға, 2026 жылға 6,5%-дан 7%-ға, 2027 жылға 5,6%-дан 5,8%-ға дейін көтерілді.
Жоғары инфляция болжамдарының аясында 2025 және 2026 жылдардағы орташа базалық пайыздық мөлшерлеме бойынша күтілімдер артты. 2025 жылға арналған күтілімдер 14,7%-дан 15,3%-ға, 2026 жылға 11,8%-дан 12,7%-ға, 2027 жылға 10,5%-дан 10%-ға дейін төмендеді.
Сарапшылардың АҚШ долларына қатысты теңге курсы жөніндегі пікірі: 2025 жыл — 514,0; 2026 жыл — 535,0; 2027 жыл — 550,0.
Сауалнамаға макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау және болжаумен айналысатын 15 ұйым қатысты. Олардың қатарына нарықтың кәсіби қатысушылары, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ рейтингтік агенттіктер кіреді.
Макроэкономикалық сауалнама Қазақстан мен әлемдік нарықтардағы жағдайдың дамуымен байланысты кәсіби нарық қатысушыларының тәуелсіз пікірлері, бағалары мен күтулерінің шолуын ұсынады.