2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығының бас директоры болып Алдажаров Айтмухамед Турарбекович тағайындалды, деп хабарлайды Kapital.kz бизнес ақпарат орталығы сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдажаров Айтмухамед Турарбекович 1972 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және Халықаралық бизнес академиясын тәмамдады. Кәсіби мансабында әртүрлі квазимемлекеттік сектор компанияларында басшылық қызметтер атқарды және «QazTrade» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды. Тағайындалғанға дейін «QazExportPromotion» Корпоративтік Қорын басқарды.