zakonkz.com

Петропавловск қаласына жаңа әкім орынбасары тағайындалды.

Петропавловск қаласының әкімдігінде кадрлық тағайындау өтті. Марлен Сандыбеков қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды NUR.KZ Петропавловск әкімдігінен.
Петропавловск қаласына жаңа әкім орынбасары тағайындалды.

Instagram-дағы ведомстваның ресми аккаунтында хабарланғандай, қала әкімі Серік Мұхамедияевтің бұйрығымен Петропавловск қаласының экономика, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бойынша орынбасары болып Марлен Сандыбеков тағайындалды.

Марлен Багитбекович 1984 жылдың 8 қаңтарында Қостанай облысының Арқалық қаласында дүниеге келген. Оның екі жоғары білімі бар. Ол А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін "заңгерлік" мамандығы бойынша және К.Сагадиев атындағы халықаралық бизнес университетін "мемлекеттік жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Марлен Сандыбеков еңбек жолын 2008 жылы прокуратура органдарында бастаған. Әр жылдары Қостанай қаласының әкімдігінде және Қостанай облысының Сарыкөл ауданындағы әкім аппаранында жұмыс істеген.

Ағымдағы тағайындауға дейін Қостанай облысының Мендықара ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін Атырау әкімдігінде жаңа тағайындау болды. Қала әкімінің орынбасары болып Мейіржан Мұқасов тағайындалды, ол бұған дейін Атырау облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.

Жаңа жыл қарсаңында Жамбыл облысында Тараз қаласының жаңа әкім орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке Улана Сламбекова келді. Ол бұған дейін Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болған.