Қазақстандық боксшы Темірлан Баймолда (8-0, 5 КО), «Джентльмен» деген лақап атпен танымал, өзінің туған елінің туымен қатар Ұлыбританияның «Юнион Джек» туымен де рингке шығуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sports.kz.
— Бұл екі ту мен үшін терең мағынаға ие. Менің жаттықтырушым және менеджерім Адам — Ұлыбританиядан, ал мен Қазақстаннанмын. Барлық болашақ жекпе-жектерімде осы тулармен шығамын, себебі бұл мен үшін маңызды. Жаттықтырушым британдық болғандықтан ғана емес. Мен де Ұлыбританияға барып, сол жерде жаттығуды және бокс жасауды қалаймын. Ұлыбританияда боксқа деген сүйіспеншілік бар. Олардың боксқа деген көзқарасы маған ұнайды. Олар әр боксшыны құрметтейді. Мен адамдармен танысып, жекпе-жектер өткізу үшін сол жерге баруды асыға күтемін, — деді Баймолда Seconds Out-қа берген сұхбатында.