Нуралхан Оралбаевич Кушеров 1984 жылдың 20 желтоқсанында Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2007 жылы – Қазақ гуманитарлық-заң университеті. Мамандығы бойынша біліктілігі: экономист, қаржы және кредит, құқықтану.
Еңбек жолын 2005 жылы Шымкенттегі "Береке" ЖШС-ның бухгалтер-инспекторы қызметінен бастаған. Әр жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатының көмекшісі, Қаржы министрлігінің Салық комитетінің Салық заңнамасын жетілдіру басқармасының уақытша сарапшысы; Астана қаласы Есіл ауданының Салық департаменті заңды тұлғалардың салық аудиті бөлімінің бас маманы; Астана қаласы Есіл ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы; Шымкент қаласының әкімінің орынбасары; Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметтерін атқарған. 2023 жылдың қаңтарынан Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.