Кездесудің басында Р. Василенко еліміздің басшылығының Рим Папасы Францискінің тез арада сауығуына қатысты тілектерін жеткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Святой Престол арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен даму перспективаларын, соның ішінде тарих, мәдениет, ғылым және медицина салаларында талқылады. Саяси диалогтың нығаюы атап өтілді, сондай-ақ екі елдің түрлі халықаралық алаңдардағы өзара әрекеттесуіне жоғары баға берілді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылдың қаңтарында Ватиканға жасаған сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді практикалық жүзеге асырудың маңыздылығы да атап көрсетілді. Осыған орай, Апостолдық нунций 2025 жылдың қаңтарында Святой Престол жанындағы Қазақстан Республикасының жаңа Елшілігінің ашылуын құптады.
Алдағы VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне дайындыққа ерекше назар аударылды, ол биылғы жылы қыркүйекте Астанада өтеді.
Қазақстан мен Святой Престол арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 17 қазанында орнатылды. Святой Престолдың Қазақстандағы Апостолдық нунциатурасы 2001 жылдың 16 желтоқсанында ашылды. Қазақстанда Рим-католик шіркеуінің 117 культтық мекемесі жұмыс істейді, католиктер саны шамамен 120 мың адамды құрайды.