2025 жылы Таиландтың Пхукет курортында туристерге тауарлар мен қызметтерді криптовалюта арқылы төлеуге мүмкіндік беріледі. Бұл туралы корольдіктің вице-премьері және қаржы министрі Пичаи Чунхаваджира хабарлады, деп жазады RB.RU .
Транзакциялар пилоттық жобаның аясында биткоиндермен жүзеге асырылатын болады. Шетелдік туристерге бұл криптовалютаны төлем құралы ретінде пайдалану үшін жергілікті биржада тіркеліп, жеке басын тексеруден өту қажет, содан кейін клиринг палаталары биткоиндерді батқа айналдырады.
Сонымен қатар, криптовалюта арқылы есеп айырысу үшін елдің заңнамасына өзгерістер енгізу қажет болмайтыны нақтыланды. Таиландтың қаржы министрі Пичаи Чунхаваджира шетелдік туристер арасында криптовалютаның танымалдығының артуы бұл бастаманың қажеттілігін түсіндірді. Криптовалюталардың қалай пайдаланылатынына мысал ретінде ол жылжымайтын мүлікті төлеуді келтірді.
Statista порталының болжамы бойынша, 2028 жылға қарай Тайландта криптовалюта иелерінің саны 17,67 миллион адамға жетуі мүмкін, ал елдің жалпы халық саны 71 миллион адамды құрайды. 2024 жылы корольдікте криптовалютаны 15,43 миллион адам пайдаланды. Сервис аналитиктері 2025 жылы Тайландтағы крипторыноктың жалпы табысы 488,9 миллион долларға жетеді деп күтеді.