Астана қаласында РФ президентінің мемлекеттік сапары аясында LED-экранда көрсетілген Ресей туының ауыстырылуын шетелдік IP-адрес арқылы хакерлер жүзеге асырғаны туралы ақпаратты Kapital.kz бизнес ақпарат орталығы Мемлекеттік техникалық қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
«2023 жылдың 27 қарашасында Астанадағы LED-экрандардың бірінде ту бейнесінің қысқа мерзімге ауыстырылғаны тіркелді. Алдын ала деректерге сәйкес, шабуыл шетелдік IP-адрес арқылы прокси-серверлерді пайдалана отырып жасалған», - делінген хабарламада.
Оқиға бойынша ішкі істер органдары қылмыстық іс қозғады. «Государственная техническая служба» АҚ әсер ету көзін және пайда болу механизмін анықтау бойынша кешенді техникалық шаралар жүргізуде, деп атап өтті ГТС.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі «Керуен Медиа» ЖШС-мен байланысты инцидент бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта болған оқиғаға қатысты барлық мүмкін нұсқалар, соның ішінде техникалық ақаулар мен компания жабдығының жұмыс істеу процестеріне сыртқы заңсыз араласу нұсқалары қарастырылуда», - деп мәлімдеді ІІМ.
Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. Заңсыз әрекеттерге қатысы бар тұлғалар жауапкершілікке тартылатын болады.