Журналистер шоколадтың бағасы какао бұршақтары мен басқа какао өнімдерінің бағасының өсуіне байланысты қымбаттауы мүмкін бе деген сұрақ қойды.
«Екі апта бұрын мен Қостанай облысында іссапармен болдым. Кондитерлік фабрикада. Олар да шикізат жеткізуде қиындықтар бар екенін және баға мен сапаға қатысты кейбір мәселелер бар екенін айтты. Мен де кондитерлік өнімдердің бағасына бұл қаншалықты әсер ететінін сұрадым. Соңғы екі аптадағы қорлар туралы мәліметтер жеткілікті болды, және олар маусымаралық кезеңде елеулі қымбаттаудың болмайтынын айтты», — деді Шаккалиев.
Оның айтуынша, нарық бәсекеге қабілетті, шоғырланбаған және мұнда өте көп қатысушылар бар.
«Олар баға диапазонында елеулі өзгерістер болмайды деп айтады. Әлбетте, бағаны түзету мүмкін, бірақ онда бағалардың күрт өзгерістері болмайды. Бізде отандық та, импорттық та өнімдер бар. Нарықта ұсыныстар көп, сондықтан егер бір сегментте баға өссе, сіз тұтынушы ретінде басқа өнімдерге ауыса аласыз. Mars жеме, біздің отандық «Баян сулу» немесе «Мишка на Севере» жеп көр», — деп қорытындылады ол.