Мемлекет басшысы Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды Kapital.kz бизнес ақпарат орталығы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Армияны модернизациялау және әскери инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралды. Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің одан әрі дамуы бойынша нақты тапсырмалар берді», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, қауіпсіздік кеңесінің алдыңғы отырысы 2024 жылдың қыркүйек айында өтті.
Сол кезде мемлекеттік әскери әлеуетті арттыру және армияны заманауи қару-жарақ және әскери техникамен, соның ішінде отандық қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарында өндірілген үлгілермен қамтамасыз ету жөнінде шешімдер қабылданды. Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев отырыста мемлекеттік әскери ұйымды жетілдіру бойынша үкіметке және мүдделі мемлекеттік органдарға бірнеше тапсырма берді.