zakonkz.com

«Черчесов туралы әңгімелерді естімеппін». «Тоболдың» легионері қазақ тілі жайлы пікірін білдірді.

Станислав Черчесов отметил, что у него не было проблем с журналистами.
«Черчесов туралы әңгімелерді естімеппін». «Тоболдың» легионері қазақ тілі жайлы пікірін білдірді.

«Тобол» командасының қорғаушысы Иван Миладинович «РБ Спорт» агенттігіне берген сұхбатында қазақ тілін үйренудің қиындықтарын сезінетінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол Станислав Черчесов секілді журналистермен проблемаларының болмағанын алға тартты.

— Черчесовтың журналистермен қиындықтары болды, себебі олар қазақша сұрақтар қойды. Сізге қазақстандық журналистер қалай?
— Менде олармен ешқандай проблема болған жоқ. Мен қазақстандық журналистермен едәуір сөйлескен жоқпын. Бірақ олар жақсы адамдар, жылы жүректі. Черчесов туралы оқиғалардан да хабарым жоқ.

— Қазақ тілін үйреніп жатырсыз ба?
— Мен туған тілімнен басқа 4 тіл білемін: орыс, испан, ағылшын және болгар тілдерінде өте жақсы сөйлеймін. Мен әрқашан ойнайтын елдің тілін үйренуге тырысамын, бірақ қазақ тілін үйрену қиын болып тұр. Мен тырыстым, бірақ бұл тіл мен үшін күрделі, расымен. Кейбір сөздерді айту қиын, бірақ кейбірін білемін. Қазір біреумен сөйлесу қиын.