Қызылорда прокуратурасы уәкілетті органдардың ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 64-бабының 5-тармағын бұза отырып, мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесін мәжбүрлі түрде алып қою туралы хабарлама бермей және ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тіркеусіз 34 азаматтың мүлкіне иелік ету, пайдалану және басқаруға тыйым салғанын анықтады.
Бұл азаматтардың өз мүлкін басқару құқықтарын бұзды, бұл бақылау актісі нәтижесінде анықталды. Негізсіз заңсыз шектеулер алынып тасталды, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.