«Bosya» ЖШС инвестор ретінде Панфилов ауданында орналасқан «Хоргос-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында тігін цехын ашуды жоспарлады. Инвестициялық жобаның құны 75 млн теңге. Жобаны жүзеге асырудың басталуы жер учаскесінің жеке сот орындаушысы тарапынан қамалуына байланысты үш ай бойы кешіктірілді.
Прокуратураның араласуы ЧСИ-дің заңсыз шектеулеріне нүкте қойды, арест жойылды. Заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі жауапкершілікке тартылды. Инвестор барлық қажетті құжаттарды рәсімдеп, жұмысқа кірісе алды.