— Жанибектің бірнеше таңдауы бар. Біріншісі — Адамеспен немесе Ларамен біріккен жекпе-жек өткізу. Екінші — менің жеке пікірім бойынша, бұл жол — Фрэнк [Уоррен] (Хамза Шираз — ескертпе) боксшысымен жекпе-жекке шығу. Біз Фрэнкпен және Queensberry Promotions-пен өте жақын таныспыз, және бұл жекпе-жекті ұйымдастыруда, Лондон немесе Эр-Риядта болса да, ешқандай қиындық туындамауы керек. Ақпан айында Эр-Риядта үлкен кард жоспарланған.
— Яғни, WBO мерзімдері мен жоспарланған кестені ескере отырып, бұл жекпе-жекті Дюбуа мен Джошуанің реваншы өтетін шоу шеңберінде ұйымдастыру идеалды болар еді ғой?
— Келісемін, бірақ бұл бокс. Көбінесе адамдар мұнда «идеал» нәрселерді жасамайды. Бірақ біз Фрэнкпен осы мәселе бойынша жұмыс істейміз, — деді Арум.