Qazstat хабарлағандай, Жамбыл облысында ет және ет өнімдерін өндіретін кәсіпорын, Қызылорда облысында балықты өңдеу және консервілеу кәсіпорны, Алматы облысында жемістер мен көкөністерді консервілеу кәсіпорны ашылды.
Жамбыл облысында алкогольсіз және минералды сусындар өндіретін кәсіпорын, Солтүстік Қазақстан облысында алкогольді сусындар өндіретін кәсіпорын іске қосылды.
Алматы қаласында сабын өндіретін кәсіпорын пайдалануға берілді. Қарағанды облысында автомобиль дөңгелектерін өндіретін кәсіпорын іске қосылды.
Ел бойынша жылумен жабдықтау үшін 9 кәсіпорын, оның ішінде қазандықтар, 10 мебель өндіру кәсіпорны, 6 асфальт өндіру кәсіпорны, 5 нан және ұн өнімдерін өндіретін кәсіпорын, 3 сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорын және 3 ұн тарту және дәнді дақылдар өнеркәсібінде кәсіпорын ашылды.