Кездесуге Агенттіктің, Көлік министрлігінің, теміржол және су көлігі комитеттерінің, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және «Әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша теміржол тасымалдаушыларының Ассоциациясы» өкілдері қатысты. Жолаушылар тасымалын субсидиялау жүйесіндегі бар елеулі бұзушылықтар талқыланды.
Жеке тасымалдаушылардың мәселелеріне ерекше назар аударылды, олар мемлекеттік қолдаудың арқасында айтарлықтай табысқа жетсе де, көрсетілетін қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз етпейді. Бұл жолаушылардың вагондардың санитарлық және техникалық жағдайына қатысты көптеген шағымдар беруіне әкеп соғуда.
Сонымен қатар, билеттердің тапшылығы мен пойыздардың тұрақты кешігуі мәселелері атап өтілді, бұл азаматтарға қолайсыздықтар туғызуда.
Кездесу қорытындысы бойынша Агенттік субсидияларды есептеу әдістемесін қайта қарауды, субсидиялау жүйесін цифрландыру мәселелерін шешуді, тиімді мониторинг және бақылауды қамтамасыз етуді, тасымалдаушы компанияларда аудит жүргізуді, сондай-ақ жаңа вагондардың үлесін арттыруды ұсынды.
Теміржол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мониторингі жалғасуда және Агенттіктің ерекше бақылауында.