Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ашық НПА» порталында Байқоңыр ғарыш айлағынан аппараттарды іске қосу жоспары туралы құжатты жариялады.
Түсіндірме жазбасында 2025 жылы ғарыш аппараттарын іске қосу Ресей Федерациясының «Ресейдің ғарыш қызметі» мемлекеттік бағдарламасы, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары және Байқоңырдан коммерциялық жобалар аясында жүзеге асырылатыны айтылған. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей тарапында 2025 жылға әскери мақсаттағы ғарыш аппараттарын іске қосу және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары жоқ екенін хабарлады.
Министрліктің баспасөз қызметі келесі жылға Байқоңырдан тоғыз азаматтық ұшыру жоспарланғанын нақтылады. Роскомос ресми түрде жоспар жарияламады, алайда Байқоңырға турлар ұйымдастыратын агенттіктердің ақпараттарына сенсек, алғашқы ұшыру 12 ақпанда болуы мүмкін.