- Доллар 496.5 (сатып алу) — 501.5 (сату)
- Еуро 514,8 (сатып алу) – 520.3 (сату)
- Рубль 5.43. (сатып алу) – 5.74 (сату)
АҚШ долларын сатып алу мен сату бағамы арасындағы айырмашылық 6 теңгеге тең. Еуро үшін бұл шек 5.5 теңгеге төмендеді.
Теңге мен рубль бағамының динамикасындағы айырмашылыққа назар аударылып жатыр
Инновациялық экономика институтының сарапшысы, ҚазҰУ профессоры Мағбат Спановтың пікірінше, мұндай жағдайдың себептері экономикалық қана емес, саяси аспектілермен де байланысты болуы мүмкін. «Егер рубль Ресей мен АҚШ арасындағы келісімдерге сәйкес оңтайлы реттелсе, онда қазақстандық теңге бұл келіссөздерге бейімделмейді», - деді Спанов.
Оның айтуынша, валюта бағамына әсер ететін саяси контекст өте маңызды. Атап айтқанда, Қазақстанда халықаралық аренадағы келіссөздердің нақты нәтижеге алып келмеуі мүмкін деген қауіп бар.
Спановдың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан үшін басты мәселе КҚК жөндеу жұмыстары. Ресей нарығы Қазақстан үшін өте маңызды, «Бірақ бізге қазір мұнай экспорты арқылы түсімнің көп болуы үшін КҚК платформасын жөндеу аса маңызды», - деп атап өтті сарапшы.
Қарапайым сөзбен айтқанда, Спанов әлемде саяси тәуекелдер артып, «жаһандық келісімдер» орын алған кезде, теңге бағамын қалыптастыруда экономикаға орын қалмайтынына сенімді. «Сондықтан, өкінішке орай, біздің теңгенің долларға немесе рубльге қатысты бағамы нақты экономикалық негізсіз саясиландырылды», - дейді Мағбат Спанов.