zakonkz.com

Қазақстан құрамасы Игитадан айырылды. Себебі белгілі.

38 жастағы қақпашы Данияға ұшар алдында тамақтан уланғандықтан, Астанада қалды. Ол алдағы сыртқы матчты өткізіп алуға мәжбүр.
Қазақстан құрамасы Игитадан айырылды. Себебі белгілі.

Қазақстанның футзал ұлттық құрамасының капитаны Лео Игита Еуропа чемпионатының Данияға қарсы сыртқы матчына қатыса алмайды, деп хабарлайды Sports.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

38 жастағы қақпашы Данияға ұшар алдында тамақтан улану жағдайына тап болып, Астанада қалды. Ол алдағы сыртқы матчты өткізіп алуға мәжбүр.

Сонымен қатар, 5 ақпанда өтетін үй матчына қатысуы да белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 1 ақпанда Қазақстан құрамасы Даниямен сырт алаңда ойнайды. Ойын Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

Төрт күннен кейін Кака баптайтын команда Астанада даттықтарды қабылдайды. Ойынның басталуы 19:30-ға жоспарланған.

Қазақстанның 2026 жылғы Еуро-турада футзалдан іріктеу матчының тікелей трансляциясы