Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Магомет Ахриев қазіргі уақытта жоба тек Алматыда жұмыс істеп жатқанын, бірақ қаржыландыру мәселесі шешілгеннен кейін жүйе республика бойынша іске қосылатынын атап өтті. Бұл халықты төтенше жағдайлар туралы бірнеше секунд ішінде жедел хабардар етуге мүмкіндік береді.
Mass Alert жүйесінің ерекшеліктері:
- Хабарламалар мобильді желілердің қамту аймағында немесе таңдалған географиялық өңірлерде абоненттерге жеткізіледі.
- Жүйе желілердің жүктелуі кезінде де жұмыс қабілетін сақтайды.
- Хабарламалар дереу келеді.
Жүйені енгізумен IT-сфера, Цифрлық даму министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және әкімдіктердің мамандары айналысуда.