Ресейдің Championat.com сайты ВТБ Біріккен лигасының күш рейтингін жаңартты, сонымен қатар астаналық «Астана» командасының орнын анықтады, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстан клубы «Самарамен» бірге рейтингтің аутсайдерлері қатарына енді.
«11-12. „Астана“ және „Самара“
„Астана“ мен „Самара“ сондай дәрменсіз жағдайда, оларды бөліп қарастыру мүмкін емес. Дегенмен, қазіргі уақытта екі команда да плей-инге шығу мүмкіндігін сақтап отыр. Бірақ бұл жағдайдың орын алатынына сену өте қиын», — делінген жарияланымда.