Талапкер екі қаулының заңсыз деп танылуын талап етті: біреуі елдегі уақытты есептеу тәртібін реттейтін, екіншісі 2024 жылдың қаңтарында қабылданып, осы тәртіпке өзгерістер енгізілген.
Бұған дейін ауданаралық азаматтық істер соты бұл талапты қабылдамады, ал енді астаналық сот бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Осылайша, сот актілері заңды күшіне енді және үкімет қаулылары күшінде қалуда.
Еске салайық, 2024 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан біртұтас уақыт белдеуіне UTC+5 өтті.