Банктік кепілдіктерді өзара тану туралы келісім 2023 жылдың тамызында Мәскеуде ЕАЭО мүшелері арасында әзірленіп, қол қойылды. Оның мақсаты - Одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуларында жеткізушілердің жұмысын жеңілдету және қарапайымдата түсу.
Бұл келісім сондай-ақ банк-кепіл берушілерге қойылатын құқықтық нормалар мен талаптарды анықтап, банктік кепілдіктер тізілімін белгілейді.
Сенатор Нұрлан Бекенов атап өтті:
«Келісім банктері-резиденттердің берген банктік кепілдіктерін Одақтың басқа мемлекетінің мемлекеттік сатып алуларында пайдалану мүмкіндігін береді. Келісімде мемлекеттік сатып алуларға арналған банктік кепілдіктерді беруге құзырлы банктерге қойылатын талаптар, сондай-ақ осындай банктердің тізімін қалыптастыру тәсілдері мен банктік кепілдіктер тізілімін жүргізу механизмдері анықталған».
Бұл келісім мемлекеттік сатып алулар саласындағы ынтымақтастықты құқықтық, ұзақ мерзімді және тұрақты негізде нығайтады.