zakonkz.com

Ақтөбеде мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаз өзін-өзі өлтірді.

Ақтөбеде әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызмет атқарып жүрген солдаттың мәйіті табылды, деп хабарлайды Bizmedia.kz.
Ақтөбеде мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаз өзін-өзі өлтірді.

Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі ұсынған мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға 23 қарашада орын алды.

Солдат қызметтік міндетін орындау барысында өз-өзіне қол жұмсап, қызметтік қарудан оқ атқан.

Қазіргі уақытта тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, бірақ тергеу мүддесі үшін мәліметтер әзірге жарияланбайды.

Жергілікті әскер командованиесі қаза болған солдаттың отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айту сөздерін жеткізді.