zakonkz.com

2025 жылдың 1 қаңтарына қарай Қазақстан халқының саны белгілі болды.

Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 қаңтарға қарай ел халқының санының қалай артқаны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Bizmedia.kz.
2025 жылдың 1 қаңтарына қарай Қазақстан халқының саны белгілі болды.

Жалпы саны 20 286 084 адамнан, қала тұрғындары 12 774 743, ал ауыл тұрғындары — 7 511 341 адамды құрайды. Жалпы халық санының өсімі 252 242 адамды құрады, оның ішінде 235 078-і табиғи өсімге, 17 164-і миграциялық процестерге тиесілі.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астанада (+6,91%), Алматыда (+2,86%) және Шымкентте (+2,80%) байқалды.

Республикалық маңызы бар қалалардан басқа, бір миллионнан астам адам Түркістан (2,1 млн), Алматы (1,5 млн), Жамбыл (1,2 млн) және Қарағанды (1,1 млн) облыстарында тұрады.