"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Муратов Тимур Муратович денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды", - деп хабарлайды Үкіметтің Telegram арнасы.
ҚР Үкіметінің ресми сайтындағы ақпарат бойынша, Тимур Муратович 1977 жылы Абай облысында дүниеге келген. Семей мемлекеттік медициналық академиясын, Еуразиялық гуманитарлық институтын, Қазақстан медициналық университеті "ВШОЗ"-ды тәмамдаған.
2001 жылы Астана қаласындағы №6 поликлиникада уролог-дәрігер ретінде еңбек жолын бастады.
Әр жылдары "Ақ ниет" денсаулық сақтау орталығында, Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери поликлиникасында, Ұлттық ғылыми медициналық орталықта жұмыс істеді.
2010-2015 жылдары Астана қаласындағы №2 қалалық аурухананың бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары болды.
2015-2017 жылдары Ақмола облыстық №2 аурухананың бас дәрігері қызметін атқарды.
2017-2018 жылдары Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының орынбасары болды.
2018-2019 жылдары Астана қаласындағы Жедел медициналық көмек станциясының бас дәрігері қызметін атқарды.
2019-2020 жылдары Президенттің Істер басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының бірінші орынбасары болды.
2020-2023 жылдары Астана қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2023 жылдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық жедел медициналық координация орталығының төрағасы болып қызмет етуде.
Эксклюзивті контент және жаңалықтар тек сіздер үшін! Telegram-ға жазылыңыз!