zakonkz.com

Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасына көңіл айту телеграммасын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шицзян автономиялық ауданындағы Шигацзе қаласында болған жойқын жер сілкінісінен көптеген адамның қаза тапқаны мен жарақат алғаны туралы хабарды терең қайғырып қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасына көңіл айту телеграммасын жолдады.

Президент Қазақстан халқының және өз атынан Қытай Халық Республикасының Төрағасына, қаза тапқандардың отбасыларына және бауырлас қытай халқына шын жүректен көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тіледі.