Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Будапештте Халықаралық дзюдо федерациясының штаб-пәтерін аралады.
IJF басшысымен болған әңгіме барысында елімізде осы танымал спорт түрінің дамуы жөнінде перспективалар талқыланды.
Мариус Визер Қазақстанның дзюдоны насихаттау бағытында жүйелі шараларды жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Ол біздің спортшыларымыздың халықаралық жарыстардағы нәтижелерін және Қазақстан федерациясының жұмысын жоғары бағалады.