Астана қаласына жұмыс сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи QazSwimAcademy спорт орталығына барды.
Орталық директорының айтуынша, бұл ерекше кешен жүзушілерді дайындаудың толық спектрін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Балалар мен ересектерге арналған бес бассейн түрлі ұзындықта: біреуі 50 метр, екеуі 25 метр және екеуі 10 метр. Топтық сабақтар 25 пән бойынша өткізіледі, сондай-ақ кәсіби жаттығу залы бар.
Академияның жоғары технологиялық жабдықталуына ерекше назар аударылған. Бассейндерде судың құрамын автоматты түрде талдауға және реагенттерді дәл мөлшерлеуге арналған испандық жабдықтар қолданылады, бұл тиімді дезинфекция мен жоғары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, нысан жүзу дағдыларын дамытуға және түрлі бұлшықет топтарын нығайтуға мүмкіндік беретін арнайы тренажерлермен жабдықталған.
Комплекс тәрбиеленушілеріне сөз сөйлеген мемлекет басшысы, мемлекет спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударатынын атап өтті.
"Сіздерге табыс тілеймін және Олимпиада чемпионы атануларыңызды қалаймын. Спорт денсаулықты сақтауда және еліміздің халықаралық жарыстарда даңқын арттыруда өте маңызды. Сіздер өте табысты спортшылар, ең бастысы, еліміздің лайықты азаматтары боласыздар деп үміттенемін" Қасым-Жомарт Тоқаев