zakonkz.com

Тоқаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Тоқаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Реджеп Тайып Ердоғанды туған күнімен құттықтап, бауырлас түрік халқының игілігі үшін жауапты мемлекеттік қызметте табыс тілеп өтті.

Мемлекет басшыларының әңгімесі барысында қазақ-түрік кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің жоғары даму динамикасын атап өтіп, екіжақты қатынастарды нығайту перспективаларын талқылады.

Президенттер Рамазан айының жақындап келе жатқанын ескере отырып, Қазақстан мен Түркияның бауырлас халықтарына әл-ауқат пен гүлдену тіледі.

Айта кету керек, Қазақстан мен Түркия президенттері соңғы рет 2024 жылдың қараша айында Бакуде дүниежүзілік климат саммитінде кездескен.

Мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясында өзара қолдау көрсету жөнінде келісті.

Бұған дейін Тоқаев пен Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының басқа да көшбасшыларымен бірге Түркі әлемінің Хартиясын қабылдады.