Почетты гвардия ротасының бастығы президентке рапорт берді. Содан кейін мемлекеттік тудың көтеріліп, мемлекеттік гимн шырқалды.
Қазақстан Республикасының күніне арналған салтанатты шарада Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларацияның қабылданған күні біздің қасиетті Тәуелсіздігіміздің басталуы болып табылатындығын ерекше атап өтті.
Салтанатты шара Ұлттық мерекенің – Республика күні тойлануына ресми старт берді. Мемлекеттік ту көтеру рәсімі Қазақстанның барлық өңірлерінде өтеді.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ұлттық мереке - Республика күнімен құттықтады.
Еске сала кетейік, Қазақстанда бүгін, 25 қазанда, ұлттық мереке Республика күні атап өтіледі. Бұл күні, дәл 34 жыл бұрын, елдің тәуелсіздігі туралы декларация қабылданды.
Биыл Республика күні жұмаға түсіп, қазақстандықтар 25, 26 және 27 қазан күндері үш күн қатарынан демалатын болады. Бұл күндері ел бойынша әртүрлі іс-шаралар өтеді. Алматыда "Көк-Төбе" Республика күніне орай мерекелік жарықпен жарқырайды. Сонымен қатар, мерекеге орай қалада дрон шоуы өтеді.
Ал Астанада 25 қазан күні 21:00-де Триатлон паркінің (пирс ауданында) аумағында мерекелік отшашу ұйымдастырылады.
"РК-дағы мерекелер туралы" заңға сәйкес, ұлттық мерекелер – Қазақстан Республикасында тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелердің тойлануы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралармен қатар жүреді.
Эксклюзивті контент және жаңалықтар тек сіздер үшін! Telegram-ға жазылыңыз!