Хабарланғандай, Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Hyundai Elantra-мен соқтығысқан. Соқтығысудың нәтижесінде екі жүргізуші мен Hyundai Elantra-ның жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Chevrolet Cobalt-тың тағы бір жолаушысы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс тіркелді, тергеу басталды.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда мұқият болуға тағы да шақырады.