Қазақстандық боксшы Армат Арманулы (1-1, 0 КО) кәсіби бокс кешінде Бангкокта (Тайланд) өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.
Арманулы пакистандық Хабиб Ур Рехманмен (6-1, 5 КО) жекпе-жек өткізді. Бұл кездесу орта салмақта өтті және алты раундқа жоспарланды. Нәтижесінде, қазақстандық боксшы екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Нокауттың видеосын төменде көруге болады.
Осылайша, Армат Арманулы кәсіби рингте екінші жеңісіне қол жеткізді, ал Хабиб Ур Рехман мансабында екінші жеңілісіне тап болды. Айта кетейік, Арманулы кәсіби бокста 2024 жылдың маусымынан бері өнер көрсетуде: ол Қазақстанда екі жекпе-жек өткізді — алдымен Шымкентте, кейін Алматыда. 21 жастағы қазақстандық боксшының алғашқы кездесуі судьялардың көпшілік дауысы бойынша жеңіліспен аяқталды, ал екіншісі — бірауыздан қабылданған шешіммен жеңіспен аяқталды.
Бұл жарияланымды Instagram-да қарауЖарияланым: SPORTS.KZ (@kzsports)