zakonkz.com

Алматыдағы Бухар жырау бульварының учаскесі үш күнге жабылады.

30 қарашадан 2 желтоқсанға дейін Бухар жырау бульвары мен Байзақов көшесінің қиылысындағы оңтүстік бөлік, сондай-ақ Байзақов көшесінен Есентай өзеніне дейінгі Бухар жырау бульварының учаскесі газ құбырын ауыстыру жұмыстарына байланысты жабылады, деп хабарлайды Bizmedia.kz.
Алматыдағы Бухар жырау бульварының учаскесі үш күнге жабылады.

Алматы әкімдігінің мәліметі бойынша, Жароков көшесінен Бухар жырау бульвары арқылы Есентай өзеніне дейінгі орташа қысымды газ құбыры 1972 жылы пайдалануға берілген. Оның жалпы ұзындығы – 1766,9 метрдей.

Тексеру барысында газ құбырында оқшаулаудың зақымдануы мен төрт жерден коррозияның тесілуі анықталды.

Газ құбырын ауыстыру жұмыстарын Алматыдағы «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамының өндірістік филиалы жүргізуде.