Арман Шаккалиев Алматыдағы супермаркеттерді аралап, сөрелердегі тауарлардың орналасуына назар аударды. Ол сатып алушыларды алдауды болдырмау үшін тауарларды орналастыру талабын күшейту керектігін мәлімдеді. Оның айтуынша, сөрелерде, мысалы, сүт пен сүт өнімдері, май мен спред қатар орналаспауы тиіс. Сөрелердің жартысында Қазақстан кәсіпкерлері өндірген өнімдер болуы керек және сатып алушы мұны тауарлық белгілер арқылы көруі тиіс.
Министрді Сауда комитетінің төрағасы Айдар Абилдабеков қолдады. Ол сатып алушының отандық өнімдерді таңдауы үшін шаралар қабылдау қажеттігін айтты. Біздің елімізде сүт және ауыл шаруашылығы өнімдері, соның ішінде картоппен 100%-дық қамтамасыз ету бар.