Тергеуді облыстық полиция департаментінің тәжірибелі қызметкеріне тапсырды. Қалалық прокуратураның бақылауымен және үйлестіруімен трагедияның шынайы жағдайларын қалпына келтіріп, суицидтің себебін анықтауға мүмкіндік туды.
Тергеу барысында Красный Яр ауылында тұратын азаматтың жеті жыл бойы өзінің азаматтық әйелін физикалық және психологиялық зорлық-зомбылыққа, оның ішінде қорлауға, соққыға және басқа да күш көрсету әрекеттеріне ұшыратқаны анықталды. Бұл әрекеттер оның трагедиялық өліміне әкелді.
Күдіктінің әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағына (өзін-өзі өлтіруге жеткізу) және 110-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағына (жүйелі азаптау) сәйкес сараланды.
105-баптың 2-бөлігінің санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады, ал 110-баптың 2-бөлігі - төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазаға арналған.
2024 жылғы 14 қазанда күдіктіге қатысты іс Кокшетау қалалық сотына жіберілді.