Қала полициясы жол-көлік оқиғасының Алмалы ауданында 11:40-та болғанын нақтылады.
«Жеке тасымалдаушыға тиесілі №88 маршруттағы автобус Ауэзов көшесімен солтүстікке қарай қозғалып келе жатқанда, Гоголь көшесімен қиылыста батысқа қарай теміржол бойымен жүріп келе жатқан тепловозбен соқтығысты. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, автобустың алты жолаушысы жарақат алды», — деді полицияда.
Барлық зардап шеккендер шұғыл түрде медициналық мекемелерге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілді.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы нақтылануда.