Құқық қорғау органдары прокуратураның көмегімен синтетикалық есірткілерді таратумен айналысқан екі интернет-дүкеннің қызметін тоқтатты.
Схеманың ұйымдастырушысы 23 жастағы қыз болып шықты, ол операцияның барлық кезеңдерін — тыйым салынған заттарды сатып алудан және сақтауынан бастап, клиенттерге жеткізуге дейін басқарды.
«Есірткілерді сату үшін қылмыскерлер Telegram платформасын пайдаланған», — деп нақтылады Астана полиция департаменті.
Тергеу барысында оперативті қызметкерлер күдіктілердің мекенжайлары бойынша 30 тінту жүргізді. 15 адам ұсталды. Шамамен 5 килограмм синтетикалық есірткі тәркіленді, бұл шамамен 15 мың бір реттік дозаны құрайды.
Бұған дейін осы топтың тағы бір қатысушысы — 26 жастағы Астана тұрғыны ұсталды. Оны тінту кезінде үлкен мөлшерде мефедрон бар шаңсорғыш табылды.