Мемлекет басшысы жақында өткен агрофорумда агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық өсудің негізгі күштерінің бірі екенін атап өтті.
Президенттің тапсырмасын орындау аясында 2025 жылғы көктемгі егіс және жинау жұмыстарына 700 млрд теңгеге дейін қаржы бөлінеді, оның ішінде шамамен 560 млрд теңге нарықтық капитал көздерінен тартылатын болады.
«Аграрлық кредиттік корпорациясы» «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 5% жылдық жеңілдікпен қаржыландыруды бастады.
Бүгінгі күнге дейін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 82 млрд теңге көлемінде 684 өтініш қабылданды, олардың 176-сы жұмысқа қабылданды, ал 509 өтініш бойынша 59,9 млрд теңге сомасында құжаттар жиналуда.
Ең көп өтініш Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының фермерлерінен түсті.
Үкімет агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында кешенді шаралар қабылдауда.
Қаржыландыру алғаш рет көктемгі егіс және жинау жұмыстарынан ұзақ уақыт бұрын басталды. Бұл аграрияларға алдын ала тұқым, тыңайтқыш сатып алуға, техникасын дайындауға және барлық қажетті шараларды сапалы өткізуге мүмкіндік береді. Үкімет қабылдаған шаралардың арқасында аграриялар қаржылық қолдауды ең қолайлы шарттармен жедел алады.
Несие рәсімдеу және кейін төлеу үшін жүгінуге болатын қаржы институттарының саны артты. Қаржыландыру екінші деңгейлі банктер, кредиттік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және Аграрлық кредиттік корпорация арқылы қолжетімді болады.
Кәсіпкерлер көтеріп отырған кепілдік қамтамасыз ету тапшылығын шешу үшін «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша займ сомасының 85%-ы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры тарапынан кепілдендірілген.