2025 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстанда New York Film Academy (NYFA) филиалы жұмысын бастайды. Кампус Алматыға жақын Каскелеңдегі Energo University креативтік индустриялар паркінде ашылады, деп хабарлайды Kapital.kz бизнес ақпарат орталығының тілшісі ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Филиал АҚШ-тан тыс NYFA-ның үшінші кампусы әрі Қазақстандағы әлемдік деңгейдегі алғашқы шығармашылық университеті болып табылады. Филиалдың жұмысын бастау туралы келісімнің онлайн-церемониясы 1 наурызда Energo University алаңында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен New York Film Academy президенті Майкл Янгтың қатысуымен өтті.

Филиалда NYFA-ның лекторлары бес бағыт бойынша жылдық және қысқа мерзімді оқу бағдарламалары шеңберінде сабақ береді: Кино (Filmmaking); Продюсирование (Producing); Сценарное дело (Screenwriting); Анимация және визуалды эффектілер (3D animation & VFX); Ойындарды жобалау (Game design).
Академияның алғашқы қабылдауында Қазақстан мен көршілес елдерден - Қытай, Үндістан, Ресей және басқа елдерден 200-ге дейін студент қабылдау жоспарланған.
Оқу аяқталғаннан кейін түлектер американдық университеттің дипломын алады және Нью-Йоркте немесе Лос-Анджелесте оқуын жалғастыру мүмкіндігіне ие болады.

Қосымша ақпарат алу үшін университеттің қабылдау комиссиясына +77076006493 телефонына хабарласуға, сондай-ақ Алматыдағы NYFA ресми өкіліне +77019990321 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.
Бұған дейін 2025 жылы Қазақстанда шетелдік университеттердің 11 филиалы ашылатыны хабарланған болатын. Соның бірі - Түркістанда жұмыс істейтін корей университеті Woosong-ның филиалы. Сонымен қатар, Қазақстанда Cardiff University филиалы да ашылады.