zakonkz.com

Қазақстанда отандық әлеуметтік желі дамып жатыр.

Қазақстандық IT-компания BTS Digital еліміздегі ең ірі телеком-оператор Казахтелеком-мен стратегиялық серіктестік орната отырып, Aitu атты суперқосымшаны әзірлеуде. Бұл қосымша әлеуметтік желі, мессенджер, медиа-хаб (кино мен музыка) және жасанды интеллект платформасын біріктіретін болады.
Қазақстанда отандық әлеуметтік желі дамып жатыр.

Бұл жоба Digital Almaty 2025 форумында компания тарапынан ұсынылды.

Экожүйенің атауында «AI to you», яғни «әркімге арналған жасанды интеллект» деген басты мән-мағына бар. Aitu-да AI-ассистенттер енгізілген. Бұл цифрлық көмекшілер бизнеске және пайдаланушыларға күнделікті тапсырмаларды жылдам, оңай және тиімді шешуге көмектеседі. Мысалы, виртуалды аспаз тоңазытқышта бар азық-түліктерден рецепттерді ұсынады, ал ақын сіздің кілт сөздеріңіз бойынша өлең жазады.

«Aitu ұлттық цифрлық экожүйесін құру – заманауи қазақстандық цифрлық өнімді жасап шығару бойынша амбициялық міндет, ол халықаралық ойыншылармен технологиялар тұрғысынан және пайдаланушылардың жүрегін жаулап алу бойынша толыққанды бәсекелесе алады. Казахтелеком жаңа цифрлық қауымдастықты қалыптастырады, мұнда әркім жұмыс, шығармашылық және қарым-қатынас үшін ыңғайлы шешімдерді таба алады. BTS Digital осы бастаманың бір бөлігі болуымен мақтан тұтады», — деді BTS Digital-дың бас директоры Нуртай Абилғалиев.

BTS Digital Казахтелекомның стратегиялық серіктесі болып табылатынын атап өтеміз. Серіктестік аясында бірнеше инновациялық жобалар, атап айтқанда, телеком- қызметтерді басқарумен қатар чаттар, әлеуметтік желі, музыка және төлем сервистері бар маңызды цифрлық қызметтерді бір жерде жинақтайтын жаңартылған superapp telecom.kz іске қосылды. Сонымен қатар, Kazakhtelecom қолдауымен Aitu Cloud бұлтты шешімдері деректерді сақтау және бизнес-процестерді қолдау үшін сенімді әрі масштабталатын құралдарды ұсынады. Ал Kcell-де SIM-карталарды сатып алу биометрия арқасында ыңғайлы, жылдам әрі оңай болды.