zakonkz.com

Қазақстанда «Банкроттық туралы» заңға өзгерістер енгізілуде.

Мәжілісте Қазақстан Республикасының қаржылық нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралуда, деп хабарлайды Bizmedia.kz.
Қазақстанда «Банкроттық туралы» заңға өзгерістер енгізілуде.

Бұл заң жобасы аясында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңына түзетулер енгізу қарастырылған.

Түзетулердің мақсаты – соттан тыс немесе соттық банкроттық рәсімдерінің тиімділігін арттыру және азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Түзетулер өтінішті беру кезеңінен бастап рәсімдерді жүргізу және рәсімдер аяқталғаннан кейінгі құқықтық қатынастарға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды.

Түзетулерде рәсімдерді қолдану туралы өтініш берген кезде 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған банктік несие және микрокредит беру келісім-шарттарына қарызды реттеу талаптарын қолданбау ұсынылған.

Соттан тыс банкроттық рәсімі жүргізілген кезде борышкерге оны өз қалауы бойынша себепсіз тоқтату құқығы беріледі.

Егер тұлғаға қатысты рәсім уәкілетті органмен тоқтатылса, қайтадан соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану жөнінде өтініш беруге алты ай өткен соң ғана болады.

Түзетулерде сот банкроттығы мен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін жүргізу кезінде қаржылық басқарушының өкілеттіктері нақтыланған.

Соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың барлық қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелері, соның ішінде кредиттік бюроға ұсынылмаған мәліметтер де тоқтатылады.

Барлық аталған түзетулер 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жүзеге асырылуы жоспарлануда.