Бекітілген ережелерде ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасына бағалы тастар, зергерлік және басқа да өнімдерді коммерциялық негізде әкелген кезде уәкілетті ұйым тарапынан сараптама жүргізілетіні айтылған.
Кейін мемлекеттік бақылау рәсімінен өту үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
сыртқы сауда келісімінің электронды көшірмесі, оған қосымшалар немесе толықтырулар;
уәкілетті ұйымның сараптамалық қорытындысының электронды көшірмесі.
Мемлекеттік бақылау актісі құжаттарды алған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге ресімделіп, беріледі.
Кейін кедендік декларациялау және кедендік тазарту бойынша кедендік операцияларды орындау қажет.