Вице-министрдің пікірінше, кез келген зиянды контент балаға да, сыни ойлау қабілеті дамымаған ересек адамға да теріс әсер етеді.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақупова Қытайда, TIK-TOK-ты ойлап тапқан елде, балаларға TIK-TOK-ты күніне 40 минуттан артық көруге және тек білім беру мен дамытушы контентті ғана көруге рұқсат берілетінін айтты.
Мұндай бастаманы министрлік қолдайтынын қосып өтті министр.